2025 жылдың 2 ақпанға тағайындалған Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

                                                                                                                                 Шалқар аудандық аумақтық

                                                                                                                        сайлау  комиссиясының

                                                                                                                                    2024 жылғы 25 желтоқсандағы

                                                                                                                               №34 қаулысымен  бекітілген

 

 

 

2025 жылдың  2 ақпанға тағайындалған

Шалқар  ауданы  Бозой ауылдық округі

 әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу

жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік  жоспары

 

1.      Шалқар ауданының  Бозой ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2024 жылғы  25 желтоқсан

(113-1, 2, 3-бап)

2.      Сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

 2025 жылғы 4 қаңтардан кешіктірмей

 (22-бап)

 

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 4 қаңтардан кешіктірмей

(13-бап, 4-тармақ)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау  

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2025 жылғы 9 қаңтардан кешіктірмей

(17-бап, 2-тармақ)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Шалқар ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік ішінде

2025 жылғы 9 қаңтардан кешіктірмей

 (23-бап, 5-тармақ)

 

 

 

 

 

 

6.  Бозой ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2024 жылы 26 желтоқсанда басталып, 2025 жылы 7 қаңтарда сағат жергілікті уақыт 18.00-де аяқталады            

 (113-3-баптың, 1, 5-тармағы)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабы және мемлекеттік қызмет

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 (4-бап, 2-тармақ, 113-5-бап, 11-тармақ)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген өкілдерін тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

    Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап                                                                              (14-бап, 8-1 тармағы, 31-бап)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасын -дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-бап)

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде                    

(113-4-бап. 8-тармақ) 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын біржолғы ең төменгі жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын төлеу

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Әкімдікке кандидат болып тіркелгенге дейін

 (113-5-бап, 2-тармақ)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2024 жылғы 1 желтоқсандаағы жағдай бойынша)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Әкімдікке кандидат болып тіркелгенге дейін

 (113-5-бап, 3-тармақ)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары, аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-бап, 3-тармақ)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2024 жылы 26 желтоқсанда басталып, 2025 жылғы 12 қаңтарда сағат жергілікті уақыт 18.00-де аяқталады

(113-5-бап, 14-тармақ)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-бап, 9-тармақ)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-бап, 6-тармақ)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылы 12 қаңтарда жергілікті уақыт сағат 18.00 ден кейін басталып 1 ақпан күні нөл сағатта аяқталады

              (27-бап, 2-тармақ)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Шалқар аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-бап, 4-тармақ)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Аудан әкімдігі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылғы  13 қаңтарға дейін                          (24-бап, 5-тармақ)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2025 жылғы  17 қаңтардан бастап                   

  (26-бап, 1-тармақ)

 

21. Сайлаушыларға дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 23 қаңтарға дейін

(38-бап, 2-тармақ, 18-бап, 5-тармақ)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау                            

комиссияларына жеткізу

 

 

 

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан

кемінде бір күн бұрын

2025 жылғы 30 қаңтардан ерте емес және          

1 ақпаннан кешіктірмей

(37-бап, 3-тармақ)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

 Учаскелік  сайлау комиссиялары

 Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

  2025 жылғы 2 ақпанда жергілікті уақыт                        

  бойынша сағат 06:00-де

(40-бап, 1-тармақ)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша

сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-бап, 1-тармақ)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(43-бап, 18-бап, 8-тармақша)

 

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-бап, 8-тармақ)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-бап, 1-тармақ)

 

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 5 ақпаннан кешіктірмей

 (113-10-бап, 1-тармақ)

 

29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 8 ақпаннан кешіктірмей

 (44-бап)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш.

2025 жылғы 8 ақпаннан кешіктірмей

 

(45-бап, 46-бап, 3-тармағы, 2-тармақшасы,  113-11-бабы, 1-тармағы)

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

 

Дата публикации
25 декабря 2024