ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі
әкімі сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 2 ақпанға тағайындалсын.
- Бозой ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 26 желтоқсанда басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 7 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Бозой ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 12 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Шалқар аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.
Шалқар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Н. Бисеков
Шалқар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Т. Жұбанов
Шалқар қаласы
2024 жылғы «25» желтоқсан
№ 32