Баспасөз – релизі
Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 105
«Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 105«Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.
Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 750 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы және Ақтөбе облысы прокуратурасының 2024 жылғы 18 шілдедегі заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыны негізінде әзірленді.
Шешім жобасы Шалқар ауданының Қоғамдық кеңесіне ұсынылады және www.shalkar.aktobe.gov.kz сайтында 2024 жылы 22 қазан айында, www.e-gov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 22 қазан 2024 жылы орналастырылды.
Шалқар аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы А.Бурамбаева