ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
ҚР Президентінің, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттарының,
барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының, референдумды және
әкімдердің сайлауын ұйымдастыру және өткізу кезеңінде үстеме
жұмысқа, мереке және демалыс күндері, түнгі уақыттағы жұмысқа тартылған Шалқар аудандық аумақтық сайлау
комиссиясы мүшелерінің жұмысы туралы
«Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің» 85, 108, 109, 110 баптарына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаттарының, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының, референдум, аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандың маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауына дайындық және оны өткізу кезеңінде аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қажеттілікке қарай үстеме жұмысқа, мереке және демалыс күндері, түнгі уақыттағы жұмысқа тартылсын.
- Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелеріне және аудан бойынша округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне үстеме жұмыс, мереке және демалыс күндеріндегі, түнгі уақыттағы жұмыс үшін еңбекақы бір жарым есе мөлшерде төленсін.
- Осы қаулы Шалқар ауданы әкімі аппаратының бухгалтериясына жіберілсін.
- Осы қаулы 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.А.Муратовқа жүктелсін.
Шалқар аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының
төрағасы Н.Бисеков
Шалқар қаласы
2024 жылғы «01» шілде
№ 26