Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

 

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінің

сайланған әкімін тіркеу туралы Шалқар аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 113-11-бабының 1-тармағына, 45-бабына  сәйкес, 2024 жылдың   7 шілдеде болған Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды хаттамасы және 2024 жылғы 8 шілдедегі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде:

Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі болып  Боранбай Серік Алдоңғарұлы, 1997 жылы дүниеге келген,  «Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қопасор ауылының тұрғыны тіркелді.

 

 

 

«08» шілде 2024 жыл

Дата публикации
08 июля 2024