Хабар
2024 жылғы 07 шілдеде Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Жаңақоныс сайлау округі
Жаңақоныс ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 389 азамат енгізілді, олардың 270 -і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6 , «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әленов М.С – 117
Боранбай С. А – 140
Убайтжанов Д.Е – 3
Убниязов М.К -- 2
Боранбай Серік Алдоңғарұлы, 1997 жылы дүниеге келген, «Кішіқұм ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маманы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қопасор ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы