Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Жаңақоныс ауылдық округі
әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жаңақоныс ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
1.Әленов Мұрат Сағынтайұлы, 1981 жылы дүниеге келген, уақытша жұмыссыз, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Жаңақоныс ауылдық округі, Аққайтым ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Боранбай Серік Алдоңғарұлы, 1997 жылы дүниеге келген, «Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ. бас маманы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Жаңақоныс ауылдық округі, Қопасор ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Убайтжанов Дархан Елмуратович,1986 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» ММ бас маманы, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Убниязов Муратбек Койлыбаевич, 1986 жылы дүниеге келген, «Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ. бас маманы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Шалқар ауылдық округі, Жылтыр ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.