Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

 

 

 

 

ШАЛҚАР  АУДАНДЫҚ  АУМАҚТЫҚ

САЙЛАУ  КОМИССИЯСЫНЫҢ  ҚАУЛЫСЫ

 

 

Шалқар  ауданының Жаңақоныс ауылдық  округі  әкімін

сайлау жөнінде  сайлау  округін құру  туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Жаңақоныс сайлау округі – Жаңақоныс ауылдық округі аумағының шекараларында құрылсын.

 

  1. Сайлау округінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.

 

 

Шалқар аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының

төрағасы                                                                 Н.Бисеков

 

 

Шалқар аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының

хатшысы                                                                 Т. Жұбанов

 

 

 

 

 

    Шалқар қаласы

 2024 жылғы «29» мамыр                      

 № 24

 

 

Дата публикации
29 мая 2024