ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

 

ШАЛҚАР  АУДАНДЫҚ  АУМАҚТЫҚ

САЙЛАУ  КОМИССИЯСЫНЫҢ  ҚАУЛЫСЫ

 

 

Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылдық округі әкімі

сайлауын  тағайындау  туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалсын.
  2. Жаңақоныс ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 30 мамырда басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы         2024 жылғы 11 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.  
  3. Жаңақоныс ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 16 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып  белгіленсін.
  4. Осы қаулы Шалқар аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.

 

 

 

Шалқар аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының

төрағасы                                                                 Н.Бисеков

 

 

Шалқар аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының

хатшысы                                                                 Т. Жұбанов

 

 

 

 

 

 

 

 

     Шалқар қаласы

 2024 жылғы «29» мамыр                        

 № 23  

 

Дата публикации
29 мая 2024