Шалқар қаласы әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

 

Шалқар қаласы әкімін  сайлау  қорытындылары туралы

ХАБАР

 

 

2024 жылғы 12 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар  ауданының Шалқар қаласы әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шалқар ауданы Шалқар қаласының әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

Шалқар қаласы әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 17627 азамат енгізілді, олардың 7178 -і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 220 , «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 215.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Исаев Қ.Р   –  5640;        Томанбаев.Ә.Т  –   473;    Умбетов.Ж.Т     –  630

 

Исаев Қорғанбек Рамазанұлы, 1976 жылы дүниеге келген,  «Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ қала әкімінің орынбасары,  Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

Шалқар аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 мая 2024