ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Шалқар ауданының Шалқар ауылдық округі әкімі
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шалқар ауданының Шалқар ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 2 маусымға тағайындалсын.
- Шалқар ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 25 сәуірде басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 7 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Шалқар ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 12 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Шалқар аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.
Шалқар аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының
төрағасы Н.Бисеков
Шалқар аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының
хатшысы Т. Жұбанов
Шалқар қаласы
2024 жылғы «24» сәуір
№15