Хабар

 

Хабар

 

2024 жылғы 07 сәуірінде Ақтөбе облысы Шалқар  ауданының Мөңке би ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шалқар ауданының Мөңке би ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Шалқар аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

 

Мөңке би  сайлау округі

Мөңке би  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 648 азамат енгізілді, олардың 397 -і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 9 , «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 4 .

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 Аяпов С.Ш        –  21

 Әмірхонов Д.С  –   343

 Шукенов М.Р     –  20

Әмірханов Дәурен Серікұлы, 1987 жылы дүниеге келген,  «М. Тәжин атындағы ЖОБММ» КММ шаруашылық жөніндегі орынбасары,  Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған,  Мөңке би  ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 апреля 2024