ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

ШАЛҚАР  АУДАНДЫҚ  АУМАҚТЫҚ

САЙЛАУ  КОМИССИЯСЫНЫҢ  ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің сайлауы 2024 жылғы 12 мамырға тағайындалсын.
  2. Қала әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 4 сәуірде басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 16 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  3. Қала әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 21 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін  болып  белгіленсін.
  4. Осы қаулы Шалқар аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.

 

 

 

Комиссия төрағасы                                             Н.Бисеков

 

  Комиссия хатшысы                                            Т. Жұбанов

 

 

 

 

 

Шалқар қаласы,

2024 жылғы 3 сәуір

№12

Дата публикации
03 апреля 2024