Мөңке би ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама 12.03.2024 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеді:
Мөңке би ауылдық округі бойынша:
- Аяпов Серик Шарапуллаевич, 1988 жылы дүниеге келген, «Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Шалқар қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
- Шукенов Мырзаш Романович, 1991 жылы дүниеге келген, “Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Аққайтым ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.