ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
Шалқар ауданының Мөңке би
ауылдық округі әкімі сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шалқар ауданының Мөңке би ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 7 сәуірге тағайындалсын.
- Мөңке би ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 29 ақпанда басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 12 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Мөңке би ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 17 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Шалқар аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы Н.Бисеков
Комиссия хатшысы Т. Жұбанов
2024 жылғы « 28 » ақпан
№ 08