Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Шалқар аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына,113-11-бабының 1- тармағына сәйкес, 2024 жылдың «11» ақпанда болған Шалқар ауданының Кішіқұм ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды хаттамасы және 2024 жылғы 12 ақпанда аудандық сайлау комиссиясының шешімі негізінде:
Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округінің әкімі болып Табынбеков Жалғас Сағитжанұлы, 1974 жылы дүниеге келген, «Шалқар аудандық жер қатынастар бөлімі» ММ инспекторы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Шалқар қаласы тұрғыны тіркелді.
12 ақпан 2024 ж