Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Шалқар аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына,113-11-бабының 1- тармағына сәйкес, 2024 жылдың «11» ақпанда болған Шалқар ауданының Тоғыз ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды хаттамасы және 2024 жылғы 12 ақпанда аудандық сайлау комиссиясының шешімі негізінде:
Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінің әкімі болып Ідірісов Бекболат Қазимұлы, 1993 жылы дүниеге келген, «Тоғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» әкімі, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Тоғыз ауылдық округі, Тоғыз ауылы тұрғыны тіркелді.
12 ақпан 2024 ж