Хабар

 

Хабар

 

2024 жылғы 11 ақпанда Ақтөбе облысы Шалқар  ауданының Тоғыз ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шалқар ауданының Тоғыз ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Шалқар аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

Тоғыз  сайлау округі

Тоғыз  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 550 азамат енгізілді, олардың 480 -і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 7 , «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 24 .

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Томанбаев Ә.Т. – 34, Шукенов М.Р. – 29, Ідірісов Б.Қ. – 386.

Ідірісов Бекболат Қазимұлы, 1993 жылы дүниеге келген,               "Тоғыз  ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, Тоғыз ауылдық округінің  әкімі, Тоғыз ауылдық округінің тұрғыны,  «AMANAT» партиясы ұсынған,  Тоғыз ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 февраля 2024