Хабар
2024 жылғы 11 ақпанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Кішіқұм ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шалқар ауданының Кішіқұм ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Шалқар аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Кішіқұм сайлау округі
Кішіқұм ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1046 азамат енгізілді, олардың 664 -і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 23 , «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 5 .
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Құдияров Қ.М. – 3, Мырзабай Б.– 19, Нағыметов Л.Қ. – 266; Табынбеков Ж.С. – 345, Убниязов М.К. – 3.
Табынбеков Жалғас Сағитжанұлы, 1974 жылы дүниеге келген, "Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі" ММ, "Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің инспекторы, Ақтөбе облысы Шалқар қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, Кішіқұм ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шалқар аудандық сайлау комиссиясы