Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
Шалқар ауданы ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Шалқар аудандық сайлау комиссиясы келесі ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды тіркеді:
Кішіқұм ауылдық округі бойынша:
- Құдияров Қайрат Мұхамбетқазыұлы, 1983 жылы дүниеге келген, Шалқар аудандық әкімі аппаратының бас маманы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Шалқар қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
- Убниязов Муратбек Койлыбаевич, 1986 жылы дүниеге келген, Шалқар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Жылтыр ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
- Табынбеков Жалғас Сағитжанұлы, 1974 жылы дүниеге келген, Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімінің инспекторы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Шалқар қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
- Нағыметов Лұқпан Құрышбекұлы, 1993 жылы дүниеге келген, «Сапақ» шаруа қожалығының төрағасы, «Кішіқұм» АӨК төрағасы, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шілікті ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
- Мырзабай Бауыржан, 1991 жылы дүниеге келген, «KZ GROUP құрылыс холдинг», ЖШС «Сартай Энерго сервис» мастері, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Тоғыз ауылдық округі бойынша:
- Томанбаев Әсет Томанбайұлы, 1989 жылы дүниеге келген, Шалқар аудандық әкімі аппаратының бас инспекторы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Шалқар қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
- Шукенов Мырзаш Романович, 1991 жылы дүниеге келген, Жаңақоныс ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Аққайтым ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
- Ідірісов Бекболат Қазимұлы, 1993 жылы дүниеге келген, Тоғыз ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Тоғыз ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.