Кішіқұм және Тоғыз ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама 18.01.2024 жыл

Кішіқұм және Тоғыз  ауылдық округі әкіміне кандидаттарды                               тіркеу туралы хабарлама 18.01.2024 жыл

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Шалқар аудандық сайлау комиссиясы келесі ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды тіркеді:

     Кішіқұм ауылдық округі бойынша:

  1. Құдияров Қайрат Мұхамбетқазыұлы, 1983 жылы дүниеге келген, Шалқар аудандық  әкімі  аппаратының  бас  маманы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Шалқар қаласының тұрғыны, өзін-өзі  ұсынған.
  2. Убниязов Муратбек  Койлыбаевич,   1986  жылы дүниеге келген, Шалқар ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  бас  маманы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Жылтыр  ауылының тұрғыны, өзін-өзі  ұсынған.

     Тоғыз ауылдық округі бойынша:

  1. Томанбаев Әсет  Томанбайұлы, 1989 жылы дүниеге келген, Шалқар аудандық  әкімі  аппаратының  бас  инспекторы,  Ақтөбе  облысы Шалқар ауданы,   Шалқар қаласының тұрғыны, өзін-өзі  ұсынған.
  2. Шукенов Мырзаш  Романович, 1991  жылы дүниеге келген, Жаңақоныс ауылдық  округі  әкімі  аппаратының  бас  маманы, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы,  Аққайтым  ауылының тұрғыны, өзін-өзі  ұсынған.
Дата публикации
18 января 2024