Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Кішіқұм ауылдық округінің әкімі лауазымына 2 кандидат және Тоғыз ауылдық округінің әкімінің лауазымына 2 кандидаттың құжаттары келіп түсті.
Кішіқұм ауылдық округіне: Өзін-өзі ұсыну бойынша Убниязов Муратбек Койлыбаевич және Құдияров Қайрат Мұханбетқазыұлы кандидатураларын ұсынды.
Тоғыз ауылдық округіне: Өзін-өзі ұсыну бойынша Томанбаев Әсет Томанбайұлы және Шукенов Мырзаш Романович кандидатураларын ұсынды.
Кандидаттарды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестіктерін анықтау жүргізілуде.