2. Шалкар АСК округ құру қаулы

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

 

Шалқар  ауданының

Кішіқұм және Тоғыз ауылдық округтерінің әкімдерін

сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Шалқар ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде мынадай сайлау округтері құрылсын:

1) Кішіқұм сайлау округі - Кішіқұм ауылдық округі аумағының шекараларында;

2) Тоғыз сайлау округі - Тоғыз ауылдық округі аумағының шекараларында.

 

  1. Сайлау округтерінің тізімдері олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Шалқар аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.

 

 

 

  Шалқар  аудандық

сайлау комиссиясының

               төрағасы                                                      Н.Бисеков

 

   Шалқар  аудандық

сайлау комиссиясының

               хатшысы                                                      Т. Жұбанов

 

 

 

 

Шалқар қаласы,

2024 жылғы 03 қаңтар,

№ 02

 

 

Дата публикации
03 января 2024