Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Шалқар ауданының Кішіқұм және Тоғыз ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шалқар ауданының Кішіқұм және Тоғыз ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 11 ақпанға тағайындалсын.
- Кішіқұм және Тоғыз ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 4 қаңтарда басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Кішіқұм және Тоғыз ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 21 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Шалқар аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.
Шалқар аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы Н.Бисеков
Шалқар аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы Т. Жұбанов
Шалқар қаласы,
2024 жылғы 03 қаңтар,
№01