Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Шалқар аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына,113-11-бабының 1- тармағына сәйкес, 2023 жылдың «12» ақпанда болған Шалқар ауданының Қауылжыр ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды хаттамасы және 2023 жылғы 13 ақпанда аудандық сайлау комиссиясының шешімі негізінде:
Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округінің әкімі болып Балымов Турлан Шынтемирович, 1990 жылы дүниеге келген, «Қауылжыр ауылдық округі әкімінің аппараты» әкімі, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қауылжыр ауылдық округі, Қайдауыл ауылы тұрғыны тіркелді.
13 ақпан 2023 ж