Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Шалқар аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына,113-11-бабының 1- тармағына сәйкес, 2023 жылдың «12» ақпанда болған Шалқар ауданының Шетырғыз ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды хаттамасы және 2023 жылғы 13 ақпанда аудандық сайлау комиссиясының шешімі негізінде:
Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округінің әкімі болып Абденова Жанна Дуйсенбаевна, 1989 жылы дүниеге келген, "Шалқар аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ басшысы, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы тұрғыны тіркелді.