Шетырғыз ауылдық округ әкімі сайлауының қорытындысы туралы хабар

2023 жылғы 12 ақпанда Ақтөбе облысы Шалқар  ауданының Шетырғыз ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шалқар ауданының Шетырғыз ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Шалқар аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

 

Шетырғыз  сайлау округі

Шетырғыз  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 404 азамат енгізілді, олардың 272 -і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 35 , «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 3 .

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абденова Ж.Д. – 141 , Ерболатов С.Е. – 80; Қоблашев Н.Ж. – 13.

Абденова Жанна Дуйсенбаевна , 1989  жылы дүниеге келген, " Шалқар аудандық жастар ресурсы орталығы", Шалқар аудандық жастар ресурсы орталығының басшысы, Ақтөбе облысы Шалқар қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Шетырғыз ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
12 февраля 2023