Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2022 жылға арналған есебіне талдамалық
Анықтама
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне (ҚР ЦДжАӨМ 31.01.2020 ж. №39/НҚ бүйрығымен бекітілген) сәйкес 2022 жылы Шалқар ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 63 қызмет түрлері бекітілген.
2022 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша Шалқар аудандық ЖАО-мен 13710 қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде электрондық түрде көрсетілген жалпы саны 11945, барлық қызмет түрлерінің үлесі 87,15% құрады.
2021 жылдың 12 айымен салыстырғанда 2022 айында электрондық түрде қызмет көрсету үлесі 3,79%-ға артқандығын байқауға болады (2021 жылдың 12 айы – 83,36%)
Бұдан бөлек, аталған салыстырмаға сәйкес Мемкорпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны 1321 болып, үлесі - 9,63%-ға құрады. (2021 жылдың 12 айы – 14,23%) яғни электрондық форматтағы қызметтердің ұлғаюна байланысты, мемкорпорациядан көрсетілетін қызметтерге сұраныс азая бастаған
Қағаз нысанда көрсетілген қызметтер саны 26 болып, үлесі - 0,18%-ға құрады.
Сонымен бірге, талдамалық кезеңде баламалы әдіспен қағаз түрінде көрсету саны 418 болып,үлесі 3,04% тең.
Облыс әкімдігімен 2022 жылға бекітілген бақылау шаралары жоспарларына сәйкес 1 тоқсанда аудандық ЖАО 4 мекемесіне бақылау шаралары жүргізілді.
МҚІА желтоқсан айында аудан әкімі аппаратына профилактикалық бақылау жүргізілді.
2022 жылы 2 айындағы көрсетілген қызметтерге ішкі бақылау қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар саны 70 фактіні құрады
Одан басқа қазан айында жер қатынастары бөлімімен 1 қызмет мерзімін бұзу фактісі тіркелді.
|
Заң бұзушылықтар категориясы |
2020 |
2021 |
2022 |
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері |
11 |
35 |
0 |
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері |
21 |
13 |
15 |
|
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері |
10 |
21 |
0 |
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту фактілері |
1 |
48 |
0 |
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері |
0 |
1 |
55 |
|
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері |
16 |
35 |
1 |
|
Заңмен тегін көрсетілетін қызметті ақылы көрсету фактілері |
0 |
16 |
0 |
|
Барлығы |
59 |
169 |
71 |
Бақылау шараларының қорытындыларына сәйкес жіберілген заңбұзушылықтар үшін аудандағы тексеру субъектілерінің 4 жауапты қызметшілердің тәртіптік жауапкершіліктері қарастырылды. Әкімшілік жауапкершілікке жер қатынастары бөлімінің басшысы тартылды.Тәртіптік шаралар алынды.
Бағалау нәтижелеріне келесі критериилер бойынша фактілер теріс әсер етуде:
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері
Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі – 15 факт Дипломмен ауылға АЖ алынатын құжаттарды клиеннтерден алынған
2) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері”
Аудан әкімінің аппараты- 14 факт
Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі –15 факт (көрсету тәртібі бұзылған)
Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі - 15 факт тіркелді ( тракторларды,прицептерді тіркеу...)
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі- 10 факт («Тұрғын үй көмегін тағайындау мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» , есептік деректер дұрыс емес, ЭЦП)
Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі - Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі -1 факт (есептік дерек дұрыс емес)
3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері
Аудандық жер қатынастары бөлімі 2022 жыл қыркүйек айында 1 факт (Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту)
Жыл басынан 30 қызметкер біліктілігін арттыру курсынан өтті. 2022 жылыдң 16 ақпан айында №7(8748) санды «Шалқар» газетіне «Жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметі туралы» мақала жарияланып, 1 қызметкер 2022 жылдың 14-18 ақпан айында ХҚКО-мен бірлесіп тағылымдамадан өтті.
2022 жылғы 12 айда 136 рет Шалқар ауданы жергілікті атқарушы органдарының ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелер инстаграмм парақшасында және жеке аккаунтында тікелей эфирде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тікелей эфир барысында 1434 адам қатысты.
Аудандық әкімдіктің ресми сайтында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar?lang=kk) өзектендіріліп жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта бекітілген іс –шараларға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады.
Шалқар аудан әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелерін үйлестіру
бөлімінің басшысы Е.Айжарықов