2023 жылдың 12 ақпанға тағайындалған Шалқар ауданы Қауылжыр және Шетырғыз ауылдық округтері әкімдері сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

 

 

2023 жылдың 12 ақпанға тағайындалған

Шалқар  ауданы  Қауылжыр және Шетырғыз ауылдық округтері

 әкімдері сайлауын әзірлеу мен өткізу

жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік  жоспары

 

1.      Қауылжыр, Шетырғыз ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы  04 қаңтар

 (113-1, 2, 3-бап)

2.      Сайлау округінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

 2023 жылғы 14 қаңтардан кешіктірмей

 (22-бап)

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 14 қаңтардан кешіктірмей

 (13-бап, 4-тармақ)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау  

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2023 жылғы 19 қаңтардан кешіктірмей

 (17-бап, 2-тармақ)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік ішінде

2023 жылғы 19 қаңтардан кешіктірмей

 (23-бап, 5-тармақ)

 

6. Қауылжыр, Шетырғыз ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2023 жылы 05 қаңтарда басталып, 17 қаңтарда сағат жергілікті уақыт 18.00-де аяқталады            

 (113-3-баптың, 1, 5-тармағы)

7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабы және мемлекеттік қызмет

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 (4-бап, 2-тармақ, 113-5-бап, 11-тармақ)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген өкілдерін тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

    Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап                                                                              (14-бап, 8-1 тармағы, 31-бап)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасын -дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-бап)

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде                    

(113-4-бап. 8-тармақ) 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын біржолғы ең төменгі жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын төлеу

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Әкімдікке кандидат болып тіркелгенге дейін

 (113-5-бап, 2-тармақ)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Әкімдікке кандидат болып тіркелгенге дейін

 (113-5-бап, 3-тармақ)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-бап, 3-тармақ)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2023 жылы 05 қаңтарда басталып, 22 қаңтарда сағат жергілікті уақыт 18.00-де аяқталады

(113-5-бап, 14-тармақ)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-бап, 9-тармақ)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-бап, 6-тармақ)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылы 22 қаңтарда жергілікті уақыт сағат 18.00 ден кейін басталып 11 ақпан күні нөл сағатта аяқталады

              (27-бап, 2-тармақ)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Шалқар аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-бап, 4-тармақ)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Аудан әкімдігі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2023 жылғы  23 қаңтарға дейін                          (24-бап, 5-тармақ)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2023 жылғы  28 қаңтардан бастап                   

  (26-бап, 1-тармақ)

 

21. Сайлаушыларға дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 02 ақпанға дейін

(38-бап, 2-тармақ, 18-бап, 5-тармақ)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау                            

комиссияларына жеткізу

 

 

 

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан

кемінде бір күн бұрын

2023 жылғы 09 ақпаннан бұрын емес және          

 11 ақпаннан кешіктірмей

(37-бап, 3-тармақ)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

 Учаскелік  сайлау комиссиялары

 Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

  2023 жылғы 12 ақпанда жергілікті уақыт

   бойынша сағат 06:00-де

(40-бап, 1-тармақ)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша

сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-бап, 1-тармақ)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(43-бап, 18-бап, 8-тармақша)

 

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-бап, 8-тармақ)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-бап, 1-тармақ)

 

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей

 (113-10-бап, 1-тармақ)

 

29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2023 жылғы 16 ақпаннан кешіктірмей

 (44-бап)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш.

2023 жылғы 18 ақпаннан кешіктірмей

 

(45-бап, 46-бап, 3-тармағы, 2-тармақшасы,  113-11-бабы, 1-тармағы)

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

Дата публикации
04 января 2023