Шалқар ауданының Қауылжыр және Шетырғыз ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

 

Шалқар ауданының Қауылжыр және Шетырғыз ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Шалқар ауданының Қауылжыр және Шетырғыз ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалсын.
  2. Қауылжыр және Шетырғыз ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 05 қаңтарда басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 17 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  3. Қауылжыр және Шетырғыз ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 22 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін  болып  белгіленсін.
  4. Осы қаулы Шалқар аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.

 

 

Шалқар аудандық

сайлау комиссиясының

төрағасы                                                                С. Кульбергенов

 

Шалқар аудандық

сайлау комиссиясының

хатшысы                                                               Т. Жұбанов

 

 

 

 

Шалқар қаласы,

2023 жылғы 04 қаңтар,

№01

Дата публикации
04 января 2023