Шалқар аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

Шалқар аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына және Шалқар аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №21 «Шалқар аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шалқар аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінде 12 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. Шалқар аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Шалқар аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Шалқар аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Комиссия төрағасы:                                    С.Кульбергенов

 

 

Комиссия хатшысы:                                    Т. Жұбанов

 

 

 

 

Дата публикации
29 декабря 2022