Хабар
2022 жылғы 11 желтоқсанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Бершүгір ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шалқар ауданының Бершүгір ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Шалқар аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Бершүгір сайлау округі
Бершүгір ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1046 азамат енгізілді, олардың 811-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 9 , «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 7 .
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Айтенов Н.К. – 757 ; Құдияров Қ.М. – 13 ; Тілеулесов Б.М. – 25 .
Айтенов Нурхан Кажимуканович , 1985 жылы дүниеге келген, «ҚТЖ ҰҚ АҚ» Біршоғыр жол дистанциясы,бас механик. Бершүгір ауылдық округі Бершүгір станциясының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған. Бершүгір ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шалқар аудандық сайлау комиссиясы