Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 11 желтоқсанға тағайындалсын:
  2. Ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 12 қарашада басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы                      25 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  3. Ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 30 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып  белгіленсін.
  4. Осы қаулы Шалқар аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.

 

 

Шалқар аудандық

сайлау комиссиясының

төрағасы                                                                С. Кульбергенов

 

Шалқар аудандық

сайлау комиссиясының

хатшысы                                                               Т. Жұбанов

 

 

 

 

Шалқар қаласы,

2022 жылғы 11 қараша,

№ 17

Дата публикации
11 ноября 2022