«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫНА СӘЙКЕС ЖӘНЕ 2022 ЖЫЛҒЫ 20 ҚАРАШАҒА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ «ШАЛҚАР» ГАЗЕТІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНЕ КАНДИДАТТАРҒА ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛДЕРІНЕ БАСПАСӨЗ БЕТІНЕН ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес және 2022 жылғы

20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентін сайлауына байланысты шалқар аудандық «шалқар» газетінде Қазақстан Республикасының Президентіне кандидаттарға және олардың сенімді өкілдеріне баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы  ЕРЕЖЕ

 

 

  • Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін 1 шаршы см. құны ақ-қара түсті бетке — 150 теңге, түрлі-түсті бетке —180 теңге.
  • Сайтта жариялау құны — басылымдарда орналастырылған сайлауалды үгіт материалдарының жалпы сомасының — 50 %-ы.
  • Қазақстан Республикасының Президентіне кандидаттың немесе сенімді өкілінің ұсынатын мәтіндік, фото және т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттан сенімхаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.
  • Сайлауалды үгіт материалдарын бетке орналастыру (беру тәсілі) редакцияның қарауы бойынша жүргізіледі.
  • Макет жасау мен баспа бетін ұсыну үшін 100 пайыздық алдын ала төлем жасалады.
  • Сайлауалды үгітті орналастыру «Сайлау-2022» белгісімен (бұл белгі жарнамаланатын материалдың аумағында орналасуы тиіс) қоса ұсынылады. Сайлауалды үгіт материалы оны қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен бірге беріледі.
  • Форс-мажорлық жағдайлар Қазақстан Республикасының жалпы белгіленген қолданыстағы заңдарымен анықталады.

 

Р. S. Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.
                                                                                                                                                         «Аудандық «Шалқар» газеті» ЖШС.

Дата публикации
17 октября 2022