Шалқар ауданының Айшуақ ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

 

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

 

Шалқар ауданының 

Айшуақ ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Шалқар ауданының Айшуақ ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Айшуақ сайлау округі – Айшуақ  ауылдық округі аумағының шекараларында құрылсын.

 

  1. Сайлау округінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.

 

 

  Шалқар  аудандық

сайлау комиссиясының

               төрағасы                                                       С. Кульбергенов

 

   Шалқар  аудандық

сайлау комиссиясының

               хатшысы                                                      Т. Жұбанов

 

 

Шалқар қаласы,

2022 жылғы 26 тамыз,

№ 10

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 августа 2022