Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық
округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 25 қыркүйекке тағайындалсын.
- Ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 27 тамызда басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 9 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.
Шалқар аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы С. Кульбергенов
Шалқар аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы Т. Жұбанов
Шалқар қаласы,
2022 жылғы 26 тамыз,
№ 09