ЖОБА
Шалқар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 шілдедегі №228 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 16649 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамымен (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері 20 % (жиырма пайыз)) және «Қазақстан Фортескью» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері 80 % (сексен пайыз)) пайдалы қазбаларды барлау үшін 2026 жылдың 21 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.».
1) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Шалқар ауданының әкімі |
|
Ж.Жидеханов |