Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы №98 «Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы  мөлшерін белгілеу және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы

ЖОБА

 

 

 

 

 

Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы №98 «Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы  мөлшерін белгілеу және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулысына

толықтыру енгізу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы                26 тамыздағы  № 306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7232 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы №98 «Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы  мөлшерін белгілеу және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу Тізілімінде №5513 болып тіркелген) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:

         көрсетілген қаулының қосымшасы 10), 11), 12) тармақшалармен толықтырылсын және келесідей редакцияда жазылсын:

«10) сегіз пәтерлі тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Шалқар қаласы, Ө.Сейітов көшесі, № 12 үй.

         Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

         А= Ц/Т/12+Р

         Ц=83 550 538 теңге/649,6 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 128618 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

         Т=100 жыл;

         Р=0 теңге;

         А=128618/100/12+0=107,2  теңге айына бір шаршы метрге.».

«11) екі пәтерлі тұрғын үйлер, орналасқан мекенжайы: Шалқар қаласы, Ораз би Татеұлы көшесі, № 46, №48 үйлер.

         Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

         А= Ц/Т/12+Р

         Ц=16 086 400 теңге/121,8 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 132 072 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

         Т=100 жыл;

         Р=0 теңге;

         А=132072/100/12+0=110  теңге айына бір шаршы метрге.».

«12) екі пәтерлі тұрғын үйлер, орналасқан мекенжайы: Шалқар қаласы, Сазтөбе көшесі №51, №52, №53, №54 үйлер.

         Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

         А= Ц/Т/12+Р

         Ц=15 920 100 теңге/121,8 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 130 707 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

         Т=100 жыл;

         Р=0 теңге;

         А=130707/100/12+0=109  теңге айына бір шаршы метрге.».

  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі                                           Ж.Жидеханов

Дата публикации
11 апреля 2022