Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы сайланған әкімін тіркеу туралы
Шалқар аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына,113-11-бабының 1- тармағына сәйкес, 2022 жылдың «3» сәуірінде болған Шалқар ауданының қалалық, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауының қорытынды хаттамасы негізінде:
Шалқар ауданы Шалқар қаласының әкімі болып Жұмамұратұлы Нұртілек, 1988 жылы дүниеге келген, Шалқар қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы Шалқар қаласының тұрғыны тіркелді.
4 сәуір 2022 ж