Хабар 2022 жылғы 3 сәуірде Ақтөбе облысы Шалқар  ауданының қалалық, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау, Шалқар қаласы бойынша өтті.

Хабар

2022 жылғы 3 сәуірде Ақтөбе облысы Шалқар  ауданының қалалық, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау, Шалқар қаласы бойынша өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шалқар ауданының қалалық, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Шалқар аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

 Шалқар қаласы сайлау округі

Шалқар қаласы  әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 17961 азамат енгізілді, олардың  12058- ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны 290, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны –299.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жұмамұратұлы Н. – 9410; Турганбаев М.А –1279 ;  Шойгарин Н.А–1369 .

Жұмамұратұлы Нұртілек, 1988 жылы дүниеге келген, Шалқар қаласы әкімінің орынбасары,  Ақтөбе облысы Шалқар қаласының тұрғыны, өзін өзі ұсынған. Шалқар қаласы әкімі болып сайланды

 

 

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 апреля 2022