Хабар 2022 жылғы 3 сәуірде Ақтөбе облысы Шалқар  ауданының қалалық, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау  Мөңке би округі бойынша өтті.

Хабар

 

2022 жылғы 3 сәуірде Ақтөбе облысы Шалқар  ауданының қалалық, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау  Мөңке би округі бойынша өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шалқар ауданының қалалық, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Шалқар аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

 Мөңке би ауылдық сайлау округі

Мөңке би ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 655 азамат енгізілді, олардың 541 – ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны 15, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны –9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ысқақов Д.Ы –500; Ержанов Р.Е –10; Умбетов Ж.Т–31; .

Ысқақов Дархан Ыбрайымұлы, 1985 жылы дүниеге келген, М.Тәжин атындағы мектеп директоры,  Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылының тұрғыны, өзін өзі ұсынған. Мөңке би ауылдық округінің әкімі болып сайланды

 

 

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 апреля 2022