Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Шалқар аудандық мәслихатының
2022 жылғы « » сәуірдегі №---
шешіміне 1 қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны–ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тоғыз ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Шалқар аудандық мәслихатының
2022 жылғы « » сәуірдегі №---
шешіміне 2 қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тоғыз, Төсбұлак, Жылан, Кеңдала, Көпмола ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
|
№ |
Елді мекеннің атауы |
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам) |
|
1 |
Тоғыз ауылдық округі Тоғыз ауылының Толағай көшесі тұрғындары үшін |
1 |
|
2 |
Тоғыз ауылдық округі Тоғыз ауылының Теміржолшылар көшесі тұрғындары үшін |
1 |
|
3 |
Тоғыз ауылдық округі Тоғыз ауылының Тәуелсіздік көшесі тұрғындары үшін |
1 |
|
4 |
Тоғыз ауылдық округінің Төсбұлақ ауылының тұрғындары үшін |
1 |
|
5 |
Тоғыз ауылдық округінің Жылан ауылының тұрғындары үшін |
1 |
|
6 |
Тоғыз ауылдық округінің Кеңдала ауылының тұрғындары үшін |
1 |
|
7 |
Тоғыз ауылдық округінің Көпмола ауылының тұрғындары үшін |
1 |
|
Барлығы: |
7 |
|