Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Шалқар аудандық мәслихатының
2022 жылғы « » сәуірдегі №---
шешіміне 1 қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны–ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Бершүгір ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Шалқар аудандық мәслихатының
2022 жылғы « » сәуірдегі №---
шешіміне 2 қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
|
№ |
Елді мекеннің атауы |
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам) |
|
1 |
Бершүгір ауылдық округі Бершүгір стансасының З.Машанова көшесі тұрғындары үшін |
1 |
|
2 |
Бершүгір ауылдық округі Бершүгір стансасының Ақтан баба көшесі тұрғындары үшін |
2 |
|
3 |
Бершүгір ауылдық округі Бершүгір стансасының Бершүгір көшесі тұрғындары үшін |
3 |
|
4 |
Бершүгір ауылдық округі Бершүгір стансасының Ынтымақ көшесі тұрғындары үшін |
2 |
|
5 |
Бершүгір ауылдық округі Бершүгір стансасының Шығыс көшесі тұрғындары үшін |
1 |
|
6 |
Бершүгір ауылдық округі Бершүгір стансасының Ө.Отарбаев көшесі тұрғындары үшін |
2 |
|
7 |
Бершүгір ауылдық округі Бершүгір стансасының Самал көшесі тұрғындары үшін |
1 |
|
8 |
Бершүгір ауылдық округі Бершүгір стансасының Боқтыбай көшесі тұрғындары үшін |
2 |
|
9 |
Бершүгір ауылдық округі Бершүгір стансасының А.Тихонов көшесі тұрғындары үшін |
2 |
|
10 |
Бершүгір ауылдық округінің Сарысай ауылының тұрғындары үшін |
3 |
|
11 |
Бершүгір ауылдық округінің Алабас ауылының тұрғындары үшін |
3 |
|
Барлығы: |
22 |
|