ЖОБА
Шалқар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8 және 9 баптарына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Шалқар аудандық |
Ж. Былқайыр |
|
|
|
Шалқар аудандық |
С. Бигеев |
|
|
|
|
Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 524 шешіміне 1 қосымша
|
||
Шалқар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары
|
№ |
Арнайы орындар |
Материалдық-техникалық жабдықтау |
Олардың шекті толу нормасы |
|
1.1 |
Е. Көтібарұлы және І. Үргенішбаев көшелерінің қиылысындағы І. Үргенішбаев ескерткішінің алды |
- жасанды жарықтандыру; |
300 адамнан артық емес |
|
1.2 |
Е. Көтібарұлы көшесі бойында орналасқан, "Шалқар аудандық тарихи-өлкетану мұражайы" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында |
- жасанды жарықтандыру; |
300 адамнан артық емес |
|
№ |
Арнайы орындар |
Материалдық-техникалық жабдықтау |
Олардың шекті толу нормасы |
|
2.1 |
Бозой тас жолынан, әрі қарай А.Жұбанов көшесінің бойымен Е.Көтібарұлы және І.Үргенішбаев көшелерінің қиылысына дейін |
маршруттың ұзақтығы 1 километр 700 метрді құрайды; |
200 адамнан артық емес |
|
2.2 |
Ә. Молдағұлова және Е. Көтібарұлы көшелерінің қиылысынан, әрі қарай Е. Көтібарұлы көшесінің бойымен Желтоқсан көшесіне дейін |
маршруттың ұзақтығы 990 метрді құрайды; |
200 адамнан артық емес |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін жария іс-шаралар өткізіледі.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда қолданыстағы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.
Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге "Төтенше жағдай туралы", "Соғыс жағдайы туралы" және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Осы Тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
|
|
Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 524 шешіміне 2 қосымша |
Шалқар ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардың шекарасы – 100 метр;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасы – 400 метр;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасы – 100 метр;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардың шекарасы – 100 метр.