Шалқар ауданы Шалқар қаласының және Мөңке би ауылдық округі әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

 

 

 

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

 

Шалқар ауданы Шалқар қаласының және

Мөңке би ауылдық округі әкімдерін сайлау жөнінде

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Шалқар ауданының қала және ауылдық округ әкімдерін сайлау жөнінде мынадай сайлау округтері құрылсын:

 

1) Шалқар қаласының сайлау округі - Шалқар қаласы аумағының шекараларында;

2) Мөңке би сайлау округі - Мөңке би ауылдық округі аумағының шекараларында.

 

  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.

 

 

  Шалқар  аудандық

сайлау комиссиясының

төрағасы                                                       С. Кульбергенов

 

   Шалқар  аудандық

сайлау комиссиясының

               хатшысы                                                      Т. Жұбанов

 

 

Шалқар қаласы,

2022 жылғы 4 наурыз,

№ 04

Дата публикации
04 марта 2022