Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Шалқар ауданы Шалқар қаласы және Мөнке би ауылдық
округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің және Мөңке би ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 3 сәуірге тағайындалсын:
- Қала және ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 5 наурыздан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 18 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Қала, ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 23 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.
Шалқар аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы С. Кульбергенов
Шалқар аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы Т. Жұбанов
Шалқар қаласы,
2022 жылғы 4 наурыз,
№ 03