2021 жылы Шалқар аудандық ЖАО-ның мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы

2021 жылы жергілікті атқарушы органдармен 15 ішкі бақылау және ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен 2  профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 265 (2020 ж. - 12), атап айтқанда: Шалқар қаласы әкімінің аппараты (85), Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (68), Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі (67), Шалқар аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі (43), Шалқар ауданы әкімінің аппараты (2) заңбұзушылық анықталды.

Оның ішінде:

- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу – 41 (2020 ж. - 4)

Шалқар қаласы әкімінің аппараты – 19, Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 10, Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі – 10, Шалқар ауданы әкімінің аппараты – 2

- Құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету - 74 (2020 ж. - 0)

Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі – 30, Шалқар аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі – 30, Шалқар қаласы әкімінің аппараты – 14

- Артық құжаттарды талап ету - 40 (2020 ж. - 0)

Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 34, Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі – 6/

- Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту - 2 (2020 ж. - 0) Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі – 1, Шалқар аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі – 1

- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану - 0 (2020 ж. - 0)

-Өзге заңбұзушылықтар - 108 (2020 ж. - 8)

Шалқар қаласы әкімінің аппараты – 52, Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 24, Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі – 20,  Шалқар аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі – 12/

Заң бұзушылықтар біріншіден басшылар тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығынан, сонымен қатар, орындаушылық жауапкершіліктің төмендігінен орын алуда.

Мемлекеттік қызмет көрсету аясында бұзушылықтарға жол берілген үшін жауапты 8 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 лауазымды тұлғаға қатысты 87,5 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

ЦДжАӨМ          31.01.2020 ж. №39/НҚ бүйрығымен бекітілген) сәйкес 2021 жылы Шалқар  ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 62 қызмет түрлері көрсетіліп келді.

2021 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша Шалқар аудандық ЖАО-мен көрсетілген қызметтердің жалпы саны 11546 қызмет құрады.

Оның ішінде электрондық түрде көрсетілген жалпы  саны 9625 барлық қызмет түрлерінің үлесі 83,36% құрады.  

2020 жылдың 12 айымен салыстырғанда 2021 айында электрондық түрде қызмет көрсету үлесі 7,49%-ға артқандығын байқауға болады (2020 жылдың 12 айы – 75,81%)

Бұдан бөлек, аталған салыстырмаға сәйкес Мемкорпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны 1644 болып, үлесі  - 14,23%-ға құрады. (2020 жылдың 12 айы – 12,43%)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 8 шара

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен халықты қамту-41 адам.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны-10 адам.

2021 жылғы  3 рет «Шалқар ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен @shalkar_akimat  инстаграмм парақшасында тікелей эфирде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. 

Аудандағы тұрғындарды компьютерлік және цифрлық сауаттылыққа оқыту шарасынан 2021 жылға 2500 адам курстан өтті. Ауданымыздың 12 ауылдық округ әкімінің аппараттырында «өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары» тұрғындарға қызмет көрсетілуде.

Дата публикации
01 января 2022