Шалқар ауданы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2018 ж атқарылған жұмыстар

2018 жылға

Шалқар ауданы жергілікті атқарушы органдарының

мемлекеттік көрсетілетін қызметтері

 бойынша есебі

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі        № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (2017 жылғы 12 қазандағы № 637 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (бұдан әрі – Тізілім) сәйкес, Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік қызметтердің 105 түрі көрсетіледі.

Аудан бойынша ағымдағы жылдың 12 айында 72206 мемлекеттік қызмет көрсетілген. 

Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-6031.

мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны, - 4202 қызмет.

Мемлекетік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 61954

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны, барлығы - 12 (аудандық ауыл шаруашлығы, жер қатынастары, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөліміне азаматтар құжаттар тізімін толық тапсырмауына байланысты) қызмет. Негізсіз қайтарулар анықталған жоқ.

2018 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызметтің мерзімі бұзу  фактілері тіркелген жоқ. (2017 жылдың тамыз,қазан айларында мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталмауы 3 фактілері тіркелді).

2018 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдар тіркелген жоқ. (2017 жылдың қараша айларында 1 жағдай тіркелді).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау

2018 жылдың  12 айында аудандық бақылау  іс шараларына 36 обьекті енді (25 қызмет көрсетуші –ЖАО, 11 - ведомстволық бағынысты ұйымда ішкі бақылау жүргізілді).

 Ішкі бақылау барысында стандарттар мен регламенттер бұзу жағдайлары анықталды. мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері-11, 16 мемлекеттік мекемелер қызметшілеріне ескерту берілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша  түсіндірме іс-шаралары

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 46 түсіндірме іс-шаралары өткізілді,бұдан басқа «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі-4 рет, «Ашық есік күндері» 23 рет өткізіліп, Шалқар ауданындағы ЖАО-мен көрсетілетін екі қызметі бойынша тұтыншылар құқығы туралы және электрондық қызметтер қолдануға шақыратын екі бейнеролик жасалып, әлеуметтік желілерге  орналастырылды, БАҚ-та 5 мақала жарияланды, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен 528 адам қамтылды, (480-нен астам брошюра таратылды). Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан  8 мемлекеттік қызметші өтті.

 

 

Дата публикации
01 января 2019