Шалқар ауданы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2019 ж атқарылған жұмыстар

Шалқар ауданы ЖАО мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2019 жылы атқарылған жұмыстары есебі 

 

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі        № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (2019 жылғы 22 сәуірдегі № 217 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (бұдан әрі – Тізілім) сәйкес, Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік қызметтердің 102 түрі көрсетіледі.

 

2019 жылы барлығы 70626  қызмет көрсетілген.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-барлығы:-қағаз түрінде (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) көрсетілген қызметтер саны-2812.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны-3412 қызмет.

 

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы-4386 қызмет.

 Есептік кезеңде баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер  6806 рет көрсетіліп, оның ішінде мемлекеттік корпорация  арқылы – 4386 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі 64,44 %-ды құрады.

 

Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер

2019 жыл қорытындысы бойынша 60239 мемлекеттік қызмет электрондық түрде көрсетіліп, жалпы көрсетілген қызметтер үлесінен 88,82 %-ды құрады.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны, барлығы-20 (аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі) қызмет. Негізсіз қайтарулар анықталған жоқ.

 

Мемлекеттік қызметтің мерзімі бұзу  фактілері

2019 жылдың есептік кезеңде мемлекеттік қызметтердің мерзімдері бұзылып көрсетілген фактісі тіркелген  жоқ. Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан (басқа көздерден) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен  арыз-шағымдар жоқ.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау

2019 жылға бекітілген жоспарға  аудандық бақылау  іс шараларына 32 обьекті енді (23 қызмет көрсетуші –ЖАО, 9- ведомстволық бағынысты ұйымда ішкі бақылау жүргізілді).

2019 жылы 32 мекемеге ішкі бақылау өткізу барысында стандарттар мен регламенттер бұзу жағдайлары анықталды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері-13, мемлекеттік қызмет көрсетуші 13 маманға қатысты тәртіптік шара алынды: ескерту-8 адам, сөгіс- 1 адам,қатаң сөгіс-4 адамға берілді.

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша  түсіндірме іс-шаралары

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша барлығы  13 түсіндірме іс-шаралары өткізілді, «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі-2 рет, «Ашық есік күндері» 7 рет, тұрғындарды қабылдау 4 рет өткізіліп мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен 159 адам қамтылды, (220-дан астам брошюра таратылды), Digital Agent мобильді қосымшасымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер нәтижесін  бағалау жүргізуді пайдалануға үгіттейтін 14 баннер орналастырылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 12 мемлекеттік қызметші өтті.

2019 жылдың ақпан айында Шалқар қаласнда үш қабатты ғимаратта «Халықтық кеңсе» ашылды (күніне 400 адамға қызмет көрсету мүмкіндігі бар). Аталған ғимараттың қабырғасында «Қазпошта» АҚ, халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлік мәселелері бойынша техникалық қызметтер, көші қон бойынша, жер кадастры, сот орындаушысы, нотариус қызметтері ұсынылады.Сонымен бірге осы ғимартта фронт офис және open space стилінде «Ақтөбе адалдық алаңы» жобасы аясында жергілікті атқарушы органдары басшыларымен белгіленген кестемен қабылдаулар өткізілуде.

2019 жылдың мамыр - шілде айларында цифрлық сауаттылық арттыру курсынан 2026 адам өтті.

 

 

Дата публикации
01 января 2020