2020 жылға Шалқар ауданы жергілікті атқарушы органдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
қызметі туралы
Есебі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) ( 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығымен жаңа реестр жарияланды). сәйкес, Шалқар аудандық жергілікті атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 84 түрі көрсетіліп келді.
Аудан бойынша 2020 жылы барлығы 14857 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-11081 қызмет.
Мемлекеттік органдардың электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді қолданушылардың үлесі 75,81%-ды құрап отыр.
Баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны - 1716 қызмет.
Жалпы көрсетілген қызметтердегі үлесі-11,74% құрайды
Барылығыда жеке тұлғаларға көрсетілген қызмет. Негізгі үлесі аудандық білім бөлім ММ - не түскен сұраныс құрайды-1640 (95,04%), АХАТ-64 қызмет, аудандық жер қатынастары бөлімі 12 қызмет,аудандық сәулет құрылыс ТҮКШ және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі-4.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызметтердің мерзімдері бұзылып көрсету 4 фактісі анықталды.(Жер қатынастары бөлімі)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдар
Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан (басқа көздерден) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен арыз-шағымдар жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау
2020 жылға бекітілген жоспарға аудандық бақылау іс шараларына 33 обьекті енді (22 қызмет көрсетуші –ЖАО, 11- ведомстволық бағынысты ұйымда ішкі бақылау жүргізілді).Ішкі бақылау барысында төмендегідей бұзу жағдайлары анықталды.
Құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты мемлекеттік қызметтер көрсету-1(аудандық білім бөлімі)
Мемлекеттік қызметтер саласындағы өзге талаптардың бұзылуы:Статистикалық есептемелерін жүргізу тәртібін сақтамау-2 (жер қатынастары,Сарықамыс негізгі мектебі)
Ақпараттық стендте өзекті ақпараттардың орналастырылмауына байланысты-4 (Бозой ауылдық округінің әкімі аппараты, «Тоғыз» ЖОББМ, Біршоғыр ЖОББМ, Аудандық «Көркем сурет лицейі» МКҚК)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралары
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларының саны-14
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен халықты қамту-120 адам.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны-5.